ВЕЛОСИТИ ПАУЭР + ПАВ БИОПАУЭР

ВЕЛОСИТИ ПАУЭР + ПАВ БИОПАУЭР
ВЕЛОСИТИ ПАУЭР + ПАВ БИОПАУЭР

Әсер ету тетігі

"Тиенкарбазон-метил – жүйелі жұмыс жасайтын гербицид. Арамшөптердің жапырақтары мен тамырлары тарапынан жылдам сіңіріледі. Қорек заттарының төменгі және жоғары тоқтарымен бірге бүкіл өсімдік бойынша еркін қозғалады.

Әсер ету тетігі

"Тиенкарбазон-метил – жүйелі жұмыс жасайтын гербицид. Арамшөптердің жапырақтары мен тамырлары тарапынан жылдам сіңіріледі. Қорек заттарының төменгі және жоғары тоқтарымен бірге бүкіл өсімдік бойынша еркін қозғалады. Жүйелі әрекетінің арқасында препарат өсімдіктің барлық бөлігіне сіңіп, өсу нүктелерінде және қайта ататын бүршіктерінде жиналады. Биохимиялық деңгейде гербицид аминқышқылдарының биосинтез тізбегіне қатысатын ацетолактатсинтаз (AHAS) ферментіне әсер етеді және ақуыздар синтезі үдерісін бұзады, бұл арамшөп өсімдіктерінің түзілу ұлпаларындағы жасушалардың бөлінуін тоқтатады.

Йодосульфурон-метил-натрий арамшөптердің жапырақтары мен тамырлары тарапынан жылдам сіңіріледі. Жүйелі флоем-ксилемдік әсерінің арқасында препарат өсімдіктің барлық бөлігіне сіңіп, өсу нүктелерінде, оның ішінде «ұйқыдағы» бүршіктерде жиналады. Биохимиялық деңгейде гербицид аминқышқылдарының биосинтез тізбегіне қатысатын ацетолактатсинтаз (ALS Inhibitor) ферментіне әсер етеді және ақуыздар синтезі үдерісін бұзады, бұл арамшөп өсімдіктерінің түзілу ұлпаларындағы жасушалардың бөлінуін тоқтатады.

Мефенпир-диэтил – препаратпен өңіделген дақылды өсімдіктердегі тиенкарбазон-метил мен йодосульфурон-метил-натрийдің жылдам ыдырауына ықпал ететін антидот, бұл іріктелуді арттырып, дақылға тарауы мүмкін фитоуыттылықты болдырмайды. Арамшөп өсімдіктерінің тіндерінде мефенпир-диэтил белсенді болмайды. "

 

Қорғайтын әсері бар кезеңі

Тиенкарбазон-метил және йодосульфурон-метил-натрий сезімтал өсімдіктердің жапырақтары, сондай-ақ тамырлары арқылы да сіңеді, осылайша өсуі бірден тоқтайды, бірнеше күн өтісімен арамшөптердің жапырақтары түссізденіп, жасыл түсін жоғалтады да кеуіп қалады. 2-4 аптадан кейін арамшөптер өліп қалады.

 

Қолдану регламенті

Әсер етуші зат Тиенкарбазон-метил 22,5 г/л, йодосульфурон-метил-натрия 11,3 г/кг, мефенпир-диэтил (антидот) 135 г/кг
Препараттық үлгісі Сулы-ұсақталғыш түйршіктер
Дақыл Бидай
Қаптама 5 л + 2, 25 кг
Әсер етуші зат Тиенкарбазон-метил 22,5 г/л, йодосульфурон-метил-натрия 11,3 г/кг, мефенпир-диэтил (антидот) 135 г/кг
Препараттық үлгісі Сулы-ұсақталғыш түйршіктер
Дақыл Бидай
Қаптама 5 л + 2, 25 кг