ТИТУС

ТИТУС
ТИТУС

Әсер ету тетігі

"Титус™ өсімдікке ең алдымен жапырақ арқылы сіңеді, сондықтан оның тиімділігі топырақтағы ылғалдың мөлшеріне тәуелді емес. 

Әсер ету тетігі

"Титус™ өсімдікке ең алдымен жапырақ арқылы сіңеді, сондықтан оның тиімділігі топырақтағы ылғалдың мөлшеріне тәуелді емес. Өңдеуден кейін Титус™ өсімдіктердің бойымен өсу нүктелеріне тез жетіп, ацетолактатсинтазды тежейді. Бұл фермент валин, лейцин және изолейцин сияқты ауыстырылмайтын аминқышқылдарының синтезі үшін қажет. Бірнеше сағаттан кейін-ақ сезімтал арамшөптер өсуін тоқтатып, ылғал мен минералдық заттармен қоректенуге таласуын тоқтатады.

Көзге көрінерлік белгілері (қызару, хлороз, некроз және жапырақтың майысуы) 3–7 күннен кейін пайда болады.

Сезімтал арамшөптер толықтай 15 және одан да көп күннен кейін өледі. Титус™ адам мен жануарлар ағзасында кездеспейтін ферментке әсер етеді, сондықтан жылықандылар үшін оның уыттылығы төмен саналады. Мұнан басқа, римсульфурон топырақта жылдам ыдырайды, сондықтан Титус™ әдеттегі ауыспалы егіс айналымына ешбір шектеу қоймайды. "

 

Қолдану регламенті

Дақыл Өңдеу саны Препараттың жұмсалу нормасы, г/га Зиянды нысан
Жүгері Бір мәрте өңдеу 40-50 г/га + Тренд 200-300 мл/га Біржылдық және көпжылдық қосжарнақты және астық тұқымдас арамшөптер
Екі мәрте өңдеу (бірінші енгізу) 30 г/га + жұмыс ерітіндісінен Тренд 0,1% Біржылдық және көпжылдық қосжарнақты және астық тұқымдас арамшөптер
Екі мәрте енгізу (екінші рет арамшөптердің екінші толқыны пайда болғанда енгізу ) 20 г/га + жұмыс ерітіндісінен Тренд 0,1% Біржылдық және көпжылдық қосжарнақты және астық тұқымдас арамшөптер
Картоп Бір мәрте өңдеу 50 г/га + Тренд 200 мл/га Біржылдық және көпжылдық қосжарнақты және астық тұқымдас арамшөптер
Екі мәрте өңдеу (бірінші рет дақылдың биіктігі 5 см болғанда енгізу) 30 г/га + жұмыс ерітіндісінен Тренд 0,1% Біржылдық және көпжылдық қосжарнақты және астық тұқымдас арамшөптер
Екі мәрте өңдеу (екінші рет 8-10 күннен кейін, дақылдың биіктігі 20 см енгізу) 20 г/га + жұмыс ерітіндісінен Тренд 0,1% Біржылдық және көпжылдық қосжарнақты және астық тұқымдас арамшөптер
Әсер етуші зат Римсульфурон 250 г/кг
Препараттық үлгісі Құрғақ сусыма суспензия
Дақыл Кукуруза, картофель
Қаптама 0,1 кг