ТАНОС

ТАНОС
ТАНОС

Әсер ету тетігі

Танос® құрамына кіретін екі биологиялық белсенді әсер етуші зат бір-бірін өзара күшейтеді және толықтырады.

Әсер ету тетігі

Танос® құрамына кіретін екі биологиялық белсенді әсер етуші зат бір-бірін өзара күшейтеді және толықтырады.

Фамоксадон —Танос® жанасатын компоненті — сірқабыққа мықтап бекиді де, жапырақтардың балауызды қабатында сақталады. Осының арқасында препараттың шайылуға қарсы төзімділігі қамтамасыз етіледі. Таноспен®өңделген жапырақ беткейіне түскен жағдайда споралар 7 секунд ішінде өледі. Фамоксадон жапырақтың беткейінде үлдір түзіп, патогеннің жапырақ ішіне енуіне кедергі келтіретін қорғайтын қабат ретінде қызмет етіп, СЕНМДІ ЭКРАНДАУШЫ ӘСЕРДІ қамтамасыз етеді. Сірқабыққа бекитін қабілетінің арқасында фамоксадон әдетте 2 сағаттан кейін жаңбырға немесе суландыру кезіндегі суға шайылмайды. Ылғалдың әсерімен ол жапырақтың беткейінде біркелкі қайта бөлінеді. Кейінірек фамоксадон сірқабықтан жапырақ беткейіне көшуге қабілетті. Мұндай реактивация қабілеті қорғаныс әсерін күшейтеді. Осылайша, Танос® жауынды ауа райында таптырмайтын құрал. Цимоксанил — Таностың® жергілікті жүйелі компоненті – жапырақ іші мен сабаққа жылдам енеді де, профилактикалық, қорғайтын және емдік әсер береді.

Цимоксанил жапыраққа (трансламинарлы әсер), сондай-ақ сабаққа төменнен жоғары қарай көшеді. Бұл өңдеу кезінде қолданылатын ерітіндінің өсімдікке біркелкі таралмауының кемшілігін жояды. Цимоксанил патоген жасушаларындағы бір емес, бірден бірнеше биохимиялық реакцияға әсер етеді, бұл оны басу бойынша сенімді әсерді қамтамасыз етеді және резистенттіліктің пайда болуына кедергі келтіреді. Емдік әсер зақымдалғаннан кейін 1-2 күн өтісімен өңдегеннің өзінде аса сезімталдықтың (цимоксанил өсімдіктің ауру жасушаларын капсулалау арқылы аурудың өршуін тоқтатады) арқасында қамтамасыз етіледі.

 

Қолдану регламенті

Дақыл Препараттың жұмсалу нормасы, л/га Зиянды нысан Препаратты қолдану тәсілі, уақыты, ерекшеліктері Күту мерзімі (өңдеу саны)
Картоп 0,6 Фитофтороз және альтернариоз 8-12 күн аралықта 2-4 өңдеу қажет. Қолданылатын сұйықтықтың жұмсалымы 400 л. 15
Қызанақ 0,5 - 0,6 Фитофтороз және альтернариоз 8-12 күн аралықта 4 өңдеу қажет. Қолданылатын сұйықтықтың жұмсалымы 400 л.
Пияз 0,6 Пероноспороз 8-12 күн аралықта 4 өңдеу қажет. Қолданылатын сұйықтықтың жұмсалымы 400 л. 3
Қияр 0,6 Пероноспороз 8-12 күн аралықта 4 өңдеу қажет. Қолданылатын сұйықтықтың жұмсалымы 400 л.
Күнбағыс 1,75 - 2 Шіріктер, жалған ақұнтақ, фамопсис, фомоз, септориоз, альтернариоз 8-12 күн аралықта 1-2 өңдеу қажет. Қолданылатын сұйықтықтың жұмсалымы 400 л.
Әсер етуші зат Фамоксадон 250 г/кг + цимоксанил 250 г/кг
Препараттық үлгісі Суда ұсақталғыш түйіршіктер
Дақыл Картоп, пияз, қызанақ, қиян, күнбағыс
Қаптама 0,4 кг