СЕКАТОР ТУРБО

СЕКАТОР ТУРБО
СЕКАТОР ТУРБО

Әсер ету тетігі

Жүйелі әсер ететін гербицид. Жапырақтың бетімен жылдам және кейде тамырмен сіңіріліп, қорек заттарымен бірге жылдам жылжуға және өсу нүктелерінде жиналуға қабілетті. 

Әсер ету тетігі

Жүйелі әсер ететін гербицид. Жапырақтың бетімен жылдам және кейде тамырмен сіңіріліп, қорек заттарымен бірге жылдам жылжуға және өсу нүктелерінде жиналуға қабілетті. Йодосульфурон және амидосульфурон бірнеше аминқышқылдарының синтезі үдерісіне қатысатын ацетолактатсинтаза ферментін тежейді.

 

Қорғайтын әсері бар кезеңі

Секатор® Турбо егістікке себу кезінде бар сезімтал арамшөп өсімдіктеріне гербицидтік әсер етеді және өңңдеуден кейін пайда болғандарына (арамшөптердің екінші толқыны) әсер етпейді. Сондықтан Қосжарнақты арамшөп өсімдіктерінің негізгі бөлігі пайда болатындай препаратты қолдану мерзімін дұрыс таңдаған жөн. Әдетте бір өңдеу егістікті бүкіл өсу кезеңі бойы тиімді қорғайды.

 

Қолдану регламенті

Дақыл Зиянды нысан Препараттың жұмсалу нормасы, л/га Препаратты қолдану тәсілі, уақыты, ерекшеліктері
Жаздық бидай, арпа Біржылдық және көпжылдық қосжарнақты 0,05 - 0,075 Егістікке өсетін арамшөптердің бойымен (дақылдың даму кезеңіне қарамастан) себу керек
Күздік бидай Біржылдық және көпжылдық қосжарнақты 0,05 - 0,075 Егістікке өсетін арамшөптердің бойымен (дақылдың даму кезеңіне қарамастан) себу керек
Зығыр Біржылдық және көпжылдық қосжарнақты 0,05 - 0,075 Егістікке дақылдың «шырша» кезеңінде және арамшөп өсуінің ерте кезеңінде себу керек
Жүгері Біржылдық және көпжылдық қосжарнақты 0,075 - 0,1 Егістікке дақылдың 3-5 жапырақ кезеңінде және арамшөп өсуінің ерте кезеңінде себу керек
Әсер етуші зат Йодосульфуронметил-натрий 25 г/л , амидосульфурон 100 г/л, мефенпир-диэтил (антидот) 250 г/л .
Препараттық үлгісі Майлы дисперсия
Дақыл Бидай, арпа, зығыр, жүгері
Қаптама 10 л