САЛЬСА

САЛЬСА
САЛЬСА

Әсер ету тетігі

САЛЬСА® гербицидінің әсер етуші заты — этаметсульфурон-метил — сульфонилмочевина (АЛС ингибиторы) санатына жатады.

Әсер ету тетігі

САЛЬСА® гербицидінің әсер етуші заты — этаметсульфурон-метил — сульфонилмочевина (АЛС ингибиторы) санатына жатады. Рапс және күнбағыс өсімдіктеріне қатысты талғамалы болып келеді, жүйелі әсерге ие, арамшөп өсімдіктеріне жылдам енеді. Жапырақта, сондай-ақ ішінара топырақта белсенділік танытуға (енгізгеннен кейін жауын-шашын түскен жағдайда) қабілетті. Жылу, сондай-ақ салқын жағдайда (+5 °С бастап) белсенді және күзгі (күздік рапс егісінде), сондай-ақ көктемгі кезеңде де пайдаланыла алады. САЛЬСА®-мен өңдегеннен кейін арамшөптердің сезімтал түрлері өсуін тежейді, дақылмен қоректену элементтері, су мен жарық үшін таласуын тоқтатады. Гербицид әсерінің көзге көрінерліктей белгілері 7-10 күннен кейін байқалады: өсуі тоқтайды, сарғаяды, жапырақтардың хлорозы мен некрозы. Арамшөптер 15 және одан да көп күннен кейін өледі (климаттық жағдайға, енгізу нормалары және себу кезіндегі арамшөптердің даму кезеңіне қарай).

 

Қолдану регламенті

Дақыл Препараттың жұмсалу нормасы, г/га Зиянды нысан Препаратты қолдану тәсілі, уақыты, ерекшеліктері

Рапс
15-25 г/га +150 мл/га ПАВ Тренд 90 Біржылдық және көпжылдық қосжарнақты арамшөптер Егіске арамшөп өсуінің ерте кезеңінде себу керек
Әсер етуші зат Этаметсульфурон-метил 750 г/кг
Препараттық үлгісі Суланатын ұнтақ
Дақыл Рапс
Қаптама 0,15 кг