МАГНУМ СУПЕР

Әсер ету тетігі

Препараттың әсер етуші заттары ауыстырылмайтын аминқышқылдарының синтезіне қатысатын ацетолактатсинтаз ферментінің түзілуін тежейді. Гербицид жүйелі әсерге ие, жапырақтар мен тамырлар арқылы сіңіріледі, арамшөптердің бойымен оңай жылжып, олардың өсуін тоқтатады

 

Қолданыс аясы

Магнум® супер ләйлекшөп, жусанжапырақ ойраншөп (көктеу), сары қалуен (түрлері), кәдімгі лапсана, бөденешөп (түрлері), қазтамақ (түрлері), жерқонақ (түрлері), егістік сиыржоңышқа, дала және қара қыша, ноғай қарамық, сарбасқұрай (түрлері), софия сармала, біржылдық дивала, левкой ақбасқұрай, дымқыл жұлдызшөп, жабайы капуста, күйдіргіш қалақай, кәдімгі зиягүл, дала сарғалдық, ақ алабұта, канадалық майдажелек, дәрілік бақбақ, қалуен (түрлері), жұмыршақ, ерінгүл (түрлері), арамшөп күнбағысы, дала өгізкөзі, табиғи шомыр, түймедақ (түрлері), жаппа кәді, кәдімгі ешкі мия, бұйра қымыздық, қызылша гүлтәжі, нәзік хориспора, егістік шегіргүлі, қызылкүрең тауқалақай, егістік қанатжеміс және т.б. сияқты біржылдық және кейбір көпжылдық қосжарнақты арамшөптердің көптеген түрлеріне қарсы аса тиімді

 

Қолдану регламенті

Дақыл Препараттың жұмсалу нормасы, л/кг/га Препаратты қолдану тәсілі, уақыты, ерекшеліктері
Жаздық бидай және арпа 9-12 Егістікті дақылдың түптену кезеңінде және арамшөп өсуінің ерте кезеңінде ПАВ Адью® қосып, жер үстімен немесе авиациялық себу қажет
Әсер етуші зат Метсульфурон-метил 300 г/кг
трибенурон-метил 450 г/кг
Препараттық үлгісі Суда ұсақталатын түйршіктер
Дақыл Бидай, арпа
Қаптама 0,1 кг