КОЛОСАЛЬ ПРО

КОЛОСАЛЬ ПРО
КОЛОСАЛЬ ПРО

Әсер ету тетігі

Тебуконазол мен пропиконазол фитопатогендер жасушаларының мембраналарындағы биосинтез үдерісінің тежеушілері болып табылады.

Әсер ету тетігі

Тебуконазол мен пропиконазол фитопатогендер жасушаларының мембраналарындағы биосинтез үдерісінің тежеушілері болып табылады. Нәтижесінде қоздырғыштар жасушаларының қабырғалары бұзылады, мицелий өсімі тоқтайды, ары қарай жойылады. Әсер етуші зат акропаталды ксилема (сабақтан масаққа қарай төменнен жоғары және түбінен төбесіне қарай) бойынша жылжиды, өсімдіктердің вегетативті бөліктері арқылы жылдам сіңіріледі. Тебуконазол профилактикалық және емдік жүйелі әсерге ие, ақұнтақ және датты саңырауқұлақтарға қарсы аса тиімді.

Пропиконазол профилактикалық, асқан емдік және жоюшы жүйелік әсерге ие, патогендердегі споратүзілуді басады, түрлі теңбілдерге қарсы аса тиімді. Сонымен қатар өсуді реттеуші әсерге ие, бұл өсімдіктің көмірқышқыл газын жақсырақ сіңіруін қамтамасыз етеді, өсімдіктегі фотосинтез белсенділігін арттырады.

 

Қорғайтын әсері бар кезеңі

Фунгицид дақылдық өсімдіктерді аурудан 4-5 апта бойы қорғайды. Жоғары сіңгіш қасиетінің арқасында Колосаль® Про жаңбырға төзімді.

 

Қолдану регламенті

Дақыл Препараттың жұмсалу нормасы, л/га Зиянды нысан Препаратты қолдану тәсілі, уақыты, ерекшеліктері Күту мерзімі (өңдеу саны)
Жаздық және күздік бидай 0,3 - 0,4 Қоңыр, сары және сабақ даты, ақұнтақ, септориоз гельминтоспориозды теңбіл Өсіп-өну кезеңінде себу керек 30 (1)
Жаздық арпа 0,3 - 0,4 Сабақ даты, гельминтоспориозды теңбіл Өсіп-өну кезеңінде себу керек
Әсер етуші зат Пропиконазол 300 г/л
тебуконазол 200 г/л
Препараттық үлгісі Микроэмульсия концентраты
Дақыл Бидай, арпа
Қаптама 5 л