КАБРИО ТОП

КАБРИО ТОП
КАБРИО ТОП

Әсер ету тетігі

КАБРИО® ТОП – бұл жаңа қоскомпонентті фунгицид, құрамына әсер етуші заттар пираклостробин мен метирам кіреді. Пираклостробин стробилуриндердің ең жаңа буынына жатады. Сепкеннен кейін ол өсімдіктің өңделген бөліктері арқылы сіңіріледі де, оларға трансламинарлы және жергілікті-жүйелі таралады. 

Әсер ету тетігі

КАБРИО® ТОП – бұл жаңа қоскомпонентті фунгицид, құрамына әсер етуші заттар пираклостробин мен метирам кіреді. Пираклостробин стробилуриндердің ең жаңа буынына жатады. Сепкеннен кейін ол өсімдіктің өңделген бөліктері арқылы сіңіріледі де, оларға трансламинарлы және жергілікті-жүйелі таралады. Пираклостробин патогеннің митохондрияларына әсер етеді, жасушаға энергия түсімін тежейді, бұл споралар мен саңырауқұлақ мицелийінің жойылуын туғызады. Мұнан басқа, жапырақтар мен жемістерде олардың беткейімен мықты бекіген әсер етуші заттар қорлары түзіледі, соның арқасында препарат атмосфералық жауын-шашындарға аса төзімді болып келеді. Сондай-ақ ылғал түскен кезде пираклостробин қорлары ұдайы босайды. Бұл аса жоғары инфекциялық күш түскен кезде өсімдікті ұзақ және тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.

 

Қорғайтын әсері бар кезеңі

Аурулардың даму қарқынына қарай 10-14 күнді құрайды.

 

Қолдану регламенті

Дақыл Препараттың жұмсалу нормасы, л/га Зиянды нысан Препаратты қолдану тәсілі, уақыты, ерекшеліктері Күту мерзімі (өңдеу саны)
Жүзім 1,5 - 2 Мильдью, оидиум Өсіп-өну кезеңінде себу керек 30 (3)
Ашық топырақ қызанақтары 1,5 - 2 Фитофтороз Өсіп-өну кезеңінде себу керек 10 (3)
Ашық топырақ қиярлары 1,5 - 2 Пероноспороз Өсіп-өну кезеңінде себу керек 10 (3)
Жабық топырақ қиярлары 1,5 - 2 Ақұнтақ, пероноспороз Өсіп-өну кезеңінде себу керек 10 (3)
Пияз 1,5 -2 Пероноспороз Өсіп-өну кезеңінде себу керек 15 (3)
Әсер етуші зат Метирам 550 г/л және Пираклостробин 50 г/л
Препараттық үлгісі Суда ұсақталғыш түйіршіктер
Дақыл Жүзім, қызанақ, қияр, пияз
Қаптама 1 кг