ГОРГОН

ГОРГОН
ГОРГОН

Әсер ету тетігі

Горгон® ауксинтектес (өсуді реттейтін) әсерлі гербицид болып табылады. МЦПА – өсімдіктің өсуін тежегіш, тотытқыш фосфорлау үдерісін бұзады, осылайша өсімдіктегі құрылымдық және ферменттік ақуыздардың биосинтезін, оның энергетикалық алмасуын бұзады. 

Әсер ету тетігі

Горгон® ауксинтектес (өсуді реттейтін) әсерлі гербицид болып табылады. МЦПА – өсімдіктің өсуін тежегіш, тотытқыш фосфорлау үдерісін бұзады, осылайша өсімдіктегі құрылымдық және ферменттік ақуыздардың биосинтезін, оның энергетикалық алмасуын бұзады. Арамшөптерге жер бетіндегі бөліктері, атап айтқанда жапырақтары арқылы сіңеді, өсімдіктердің бойымен жылдам қозғалады, өсу нүктелеріне жетеді. Түзілу ұлпаларында жиналып, МЦПА сезімтал өсімдіктер тіндерінің қалыпты өсуін бұзады. Пиклорам МЦПА сияқты өсуді реттейтін заттарға жатады, өсімдіктің бойымен жаңадан өсетін тіндерге жетеді. МЦПА сияқты өсу үдерістеріне және жасушалардың бөлінуі мен ақуыз синтезіне әсер етеді.

 

Қолданыс аясы

Жатаған укекіре және біржылдық және көпжылдық қосжарнақты арамшөптердің басқа да түрлері, оның ішінде жусанжапырақ ойраншөп, егістік сарықалуен (қызғылт қалуен), далалық шырмауық, сары қалуен, тоққұдыс және т.б.

 

Қолдану регламенті

Дақыл Препараттың жұмсалу нормасы, л/кг/га Зиянды нысан Препаратты қолдану тәсілі, уақыты, ерекшеліктері
Жаздық бидай және арпа 0,15 - 0,17 Біржылдық және көпжылдық қосжарнақты арамшөптер, оның ішінде ошағанның түрлері мен қызғылт укекіре Егістікке дақылдың түптену кезеңінде және арамшөптердің ерте даму кезеңінде себу қажет
Егістіктер 2,5 - 3,5 Жатаған укекіре және басқа да зиянкес көпжылдық қосжарнақты арамшөптер Егістікке жатаған укекіреге бастапқы гүлдеу кезеңінде себу керек
ауылшаруашылық мақсатында қолданылмайтын жерлер Өскіш қажетсіз өсімдіктерге себу
Әсер етуші зат МЦПА қышқылы (диметиламин, калий және
натрий тұздарының қоспасы) 350 г/л
пиклорам 150 г/л
Препараттық үлгісі Суда еритін концентрат
Дақыл Бидай, арпа, жүгері
Қаптама 5 л