ГАЛАКТАЛТ

ГАЛАКТАЛТ
ГАЛАКТАЛТ

Әсер ету тетігі

Жүйелі белсенділікке ие, арамшөп жапырақтары арқылы тез сіңіріледі және өсу нүктелеріне, тамырларына және тамырсабаққа өтеді. 

Әсер ету тетігі

Жүйелі белсенділікке ие, арамшөп жапырақтары арқылы тез сіңіріледі және өсу нүктелеріне, тамырларына және тамырсабаққа өтеді. Гербицид фотосинтез үдерісін бұзады, нәтижесінде жер үстіндегі бқліктің және арамшөптің тамыр жүйесінің өсуі тоқтайды, хлороз пайда болады. Өсімдіктер солып, тіндері кеуіп, жиі қызғылт антоцианды реңге боялады. 

 

Қолдану ерекшеліктері

Арамшөптер белсенді өсетін кезеңде қолданылады. Әсер етуші зат жылдам сіңірілуі үшін жапырақ жеткілікті болуы керек. Өңдеуді құрғақ ауа райында жүргізген жөн.

Ылғал өсімдіктерді өңдемеген жөн. Егісті шамадан тыс арамшөп басқан болса, қолданылатын ерітінді жұмсалымын арттыру қажет. 

 

Қорғайтын әсері бар кезеңі

Бүкіл өсу кезеңі бойы арамшөптердің "екінші" толқыны болмаған жағдайда

 

Қолдану регламенті

Дақыл Препараттың жұмсалу нормасы, л/кг/га Зиянды нысан Препаратты қолдану тәсілі, уақыты, ерекшеліктері
Қант қызылшасы 0,5 Біржылдық астық тұқымдас (мысыққұйрықтың түрлері, күрмек тары, арамшөп араласқан тары) Өсетін арамшөптерге белсенді өсу кезеңінде (2-6 жапырақ кезеңі) себу керек. Қолданылатын сұйқытықтың жұмсалымы 200-300 л/га
Қант қызылшасы 1 Көпжылдық астық тұқымдас арамшөптер (жатаған бидайық) Егіске арамшөптерге биіктігі 10-15 см болғанда себу керек. Қолданылатын сұйқытықтың жұмсалымы 200-300 л/га
Мақта 0,5 Біржылдық астық тұқымдас (мысыққұйрықтың түрлері, күрмек тары, арамшөп араласқан тары) Өсетін арамшөптерге белсенді өсу кезеңінде (2-6 жапырақ кезеңі) себу керек. Қолданылатын сұйқытықтың жұмсалымы 200-300 л/га
Мақта 1 - 1,5 Көпжылдық астық тұқымдас арамшөптер (жатаған бидайық) Егіске арамшөптерге биіктігі 10-15 см болғанда себу керек. Қолданылатын сұйқытықтың жұмсалымы 200-300 л/га
Жаздық рапс 0,5 Біржылдық астық тұқымдас (мысыққұйрықтың түрлері, күрмек тары, арамшөп араласқан тары) Өсетін арамшөптерге белсенді өсу кезеңінде (2-6 жапырақ кезеңі) себу керек. Қолданылатын сұйқытықтың жұмсалымы 200-300 л/га
Жаздық рапс 1 Көпжылдық астық тұқымдас арамшөптер (жатаған бидайық) Егіске арамшөптерге биіктігі 10-15 см болғанда себу керек. Қолданылатын сұйқытықтың жұмсалымы 200-300 л/га
Әсер етуші зат Галаксифоп-Р-метил, 104 г/л
Препараттық үлгісі Эмульсия концентраты
Дақыл Қант қызылшасы, мақта, жаздық рапс
Қаптама 5 л