АДЬЮ

АДЬЮ
АДЬЮ

Қолдану бойынша ұсынымдар

"Пестицидтермен бірге олардың тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады. Гербицидтің қолданылатын ерітіндісінің 200 л/га жұмсалымы кезіндегі Адью® жұмсалу нормасы – 0,2 л/га. 

Қолдану бойынша ұсынымдар

"Пестицидтермен бірге олардың тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады. Гербицидтің қолданылатын ерітіндісінің 200 л/га жұмсалымы кезіндегі Адью® жұмсалу нормасы – 0,2 л/га. Гербицицдтің қооданылатын ерітіндісін дайындау кезінде Адью® адъювантын сепкіш багына ең соңынан құю керек, әйтпесе, оны қосқан кезде пайда болатын көбіктен ерітіндінің бір бөлігі бактан ағып кетуі мүмкін. "

 

Әсер ету тетігі

"Адью® гербицицдтердің қолданылатын ерітіндісінің беткейлік тартысын төмендетеді, сондықтан оның тамшылары жапырақтан сирек сырғиды, оларға жақсылап бекиді де, жапырақтың беткейіне ағады, әрбір тамшының ауданы бірнеше есеге артады. Тиісінше, жапырақ беткейлерінің ергицицд ерітіндісімен жабылуының жалпы ауданы артады. Ерекше химиялық құрылымының арқасында Адью® әсер етуші заттың жапыраққа еніп кету дәрежесін арттырады. Бұған бірнеше себеп бар. Бір жағынан адъювант қолданылатын ерітіндінің ұстасушылығын жақсартады, бұл гербицицдтің әсер етуші затына жапырақ бетіндегі эпикулярлық балауыздар түріндегі кедергіні тезірек еңсеруге көмектеседі. Екінші жағынан әсер етуші заттың сіңірілуі күшейеді, және арамшөп жапырақтарына ол көп мөлшерде сіңеді. Осының нәтижесінде гербицицдтің сіңу қабілеті күрт артады, бұл әсіресе жапырақтарында құрғақ, ыстық ауа райында балауыз қабаты пайда болатын (алабота, жусан, қызылқұйрық, жерқонақ, сүттіген) немесе қалың мамықтанатын (сары қалуен, тоққұдыс, шағыртікен, бөденешөп) арамшөп өсімдіктері түрін тиімді жоюға мүмкіндік береді. Қайта өсіп кеткен арамшөптермен күрес те әлдеқайда тиімді болады. Адьюды® гербицицдтің қолданылатын ерітіндісіне қосқан кезде гербицицдтің жаңбырға қарсы төзімділігі айтарлықтай артады.

Мұнан басқа, Адьюды® гербицидпен бірге пайдалану препараттың жапырақ бетінен буланып кету дәрежесін азайтады. Адью® гербицицдтің қолданылатын ерітіндісінің жоғары дисперстігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. "

Әсет етуші зат Изодецил спиртінің этоксилаты 900 г/л
Препараттік үлгісі Сұйықтық
Дақыл Бидай, арпа, күріш, жүгері, картоп
Қаптама 5 л