Мол түсімге бір қадам жақын

Мол түсімге бір қадам жақын

Жақсы түсім

Кез келген фермердің мақсаты – жоғары сапалы мол түсім алу. Бүгінгі таңда мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін агрономдарға түрлі құралдардың кең таңдауы ұсынылады.

Оларға дақылдық өсімдіктерге теріс әсер етпей, егістіктегі зиянды нысандарды тиімді бақылауға қабілетті заманауи Өсімдіктерді қорғау құралдарын жатқызуға болады.

AlemAgro компаниясы бұрын-соңды болмаған түсім алуға мүмкіндік беретін тағы бір өнімді тәсіл – "VALAGRO" тыңайтқыштары мен бионынталандырғыштарын ұсынады.

Ең заманауи зертханаларда әзірленген, бүкіл әлем бойынша көптеген сынақтардан өткен және ең қатаң сапа бақылауында өндірілген "VALAGRO" тыңайтқыштары өсімдіктерді қоректендіру саласында өзін мойындатқан үздік өнім.

Сізге кез келген түйткілді шешуге және өсімдіктердің қоректенуін бүкіл өсіп-өну кезеңінде бақылауға қабілетті бірқатар тиімді препараттар қатары ұсынылады.

Аса тиімді тыңайтқыштар макро және микро элементтер жетіспеушілігін жылдам жоя алады.

Өсу үдерісінің жақсаруы

Теңіз балдырларының сығындылары негізіндегі биоынталандырғыштар Сізге жемістердің өсіп-өну және даму, гүлдену және жеміс пайда болу, пісу және рең алу үдерістерін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Өсімдік пен адам үшін қауіпсіз "VALAGRO" тыңайтқыштары қолданыста ыңғайлы әрі тиімді. Артықшылықтарына жылдам әрі толық ерігіштігін, өзара араласқыштығын және барлық пестицидтермен үйлесетінін жатқызуға болады.

№1 тыңайтқыш

Өзінің тиімділігінің арқасында «Valagro» тыңайтқыштары үлкен танымалдылыққа ие болды және бүгінде олар Қазақстандағы №1 тыңайтқыштар.