Компания туралы

AlemAgro компаниясы 2004 жылы 29 қарашада Алматы қаласында құрылып, 3 ғана жұмыскері болды. Бұл қызметкерлер компанияда қазіргі дейін еңбек етуде. Арада өткен 12 жыл бойы біз қарқынды түрде дамып, Қазақстан Республикасы нарығындағы үлесімізді ұлғайттық.

2017 жылғы 1 ақпандағы мәліметтерге сүйенсек, компанияда 57 жұмыскер бар. Олар – Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіп кешенінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген жандар.

Компанияның өкілдіктері еліміздің әрбір өңірінде бар. 7000-нан астам контрагенттер біздің клиенттеріміз болып табылады.

AlemAgro – өсімдіктерді қорғау құралдарының, дәндер мен микротыңайтқыштардың жетекші жабдықтаушысы.

Инновациялық және сапалы өнімдері мен технологиялардың, мықты мамандар ұжымының және бизнеске деген жауапкершіліктің арқасында AlemAgro ұзақ жылдар бойы сенімді әріптес болып келеді. AlemAgro компаниясы ұдайы дамуға талпынады және бүкіл Қазақстан бойынша фермерлермен әлемдік тәжірибесімен және озық технологияларымен бөліседі.

Компанияның миссиясы

Табысқа және тұрақты дамуға талпынатын әрбір компанияның тіршілігінің мақсаты мен мәнін сипаттайтын өзіндік миссиясы болады.

«AlemAgro жоғары сапалы әрі инновациялық ӨҚҚ, дәндерді, тыңайтқыштарды және индивидуалды консультациялық сүйемелдеу ұсыну арқылы тұрақты-жоғары түсім алуға көмектеседі».

Компанияның құндылықтары

Әрқайсымыз ортақ миссиямызды орындауға бар күшімізді салу үшін біз өз жұмысымыз барысында келесі ұстанымдар мен құндылықтарды басшылыққа алуымыз керек:

  • Клиенттеріміз бен әріптестерімізге үздік өнімдер мен сервисті ұсыну.
  • Жұмысымыздың сапасын үздіксіз жақсартуға талпыну, жаңа идеялар мен шешімдер ұсыну.
  • Біртұтас, үйлесімді команда ретінде жұмыс істеу, көмектесу және бір-бірімізді қолдау.
  • Өз жұмысымыз барысында кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсету.
  • Жауапты әрі салмақтанған шешімдер қабылдау.
  • Жаңа білімдер мен тәжірибеге ашық болу.
  • Алға биік мақсаттар мен міндеттер қою. Бұрынғы жетістіктерден алға озу.
  • Қателесуге қорықпай, тәуекелге бел буу. Өзіміздің және өзгелердің қателіктерінен сабақ алу.
Неліктен клиенттер alemagro-ны таңдайды:

AlemAgro: - өсімдіктерді қорғау құралдары нарығының үздіктерінің бірі. Компания Қазақстан фермерлерінің көпшілігін қамтиды: - 14 өңірлік кеңсесі – 3 орталықтандырылған өңірлік филиалы бар.

AlemAgro: Жетекші әлемдік өндірушілердің ресми дистрибьютері. Өзінің ассортиментінде компания сапалы өнімге басымдылық береді.

Компанияда кәсіби агрономдар, көптеген дақылдар бойынша сала мамандары жұмыс жасайды.
Біз өсімдіктерді қорғау және Қазақстандағы барлық дақылдарды өсіру технологиясы бойынша агрономиялық кеңес ұсынуға дайынбыз.

Біз ұзақмерзімді және өзара тиімді әріптестікке басымдылық береміз.
Әріптестер өніміміздің сапасына көз жеткізіп, AlemAgro-ның тұрақты клиенттеріне айналады.